Ұлттық банк 2023 жылы ақпанда азық-түлік бағасының максималды өсуін болжады

Қазақстанда инфляция қысқа мерзімді перспективада екі таңбалы деңгейде сақталады және 2023 жылдың ақпанында шарықтау шегіне жетеді. Бұл туралы Ұлттық банктің ақша-несие саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен болжамды раундтың қорытындысы бойынша, жарияланған инфляцияға қатысты алдыңғы бағалау көтерілу жағына қарай біршама қайта қаралды. 2022 жылдың соңына қарай инфляция 16-18% аралығында қалыптасады.

Қысқа мерзімді кезеңде инфляция 2023 жылғы ақпанда өзінің ең жоғары мәніне жетіп, екі таңбалы болып қалады. Бұл бірқатар азық-түлік өнімдерінің, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың, бірінші кезекте, жоғары импорттық құрамдас бөлігі бар азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жалғасып отырған бағасының өсуін, сақталып отырған жоғары базалық инфляцияны білдіреді.Денис Чернявский

Бұдан әрі 2023 жылдың қорытындысы бойынша, инфляция 7,5-9,5%-ға дейін біртіндеп баяулайды деп болжанды. Төмендеу үрдісі күшейе береді, сөйтіп, 2024 жылдың соңына қарай  инфляция 5,5-7,5% деңгейінде болады деп болжанып отыр.                                            

Ұлттық Банктің болжамына сәйкес, Қазақстандағы экономикалық белсенділік динамикасы 2022 жылы 2,5%-3,5% дәлізінде болады. 2023 жылы белгісіздіктің жалпы деңгейінің төмендеуі аясында Қазақстан экономикасының өсуі 4%-5% дейін жеделдейді. Ішкі сұраныс фискалдық ынталандырумен қолдау көрсетілетін экономикалық белсенділіктің жетекшісі болады. Сондай-ақ, елде мұнай өндірудің күтілетін ұлғаюына байланысты экспорт ЖІӨ өсімінің қосымша факторы болады.

Алдыңғы болжамды раундпен салыстырғанда, инфляцияның жеделдеу тәуекелдері біршама төмендеді, алайда, әлемде геосаяси шиеленіс сақталуы себебінен жоғары болып қалып отыр. Әлемдегі күрделі геосаяси жағдай Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері болжамдарының алғышарттарына жоғары белгісіздік енгізуді жалғастыруда. Бұл инфляцияның болжамдық мәндерінен ауытқу тәуекелдерін жоғары деңгейде сақтауға себепші болады, - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Қазақстан ҚР Ұлттық Банкі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: