Ұлттық банк "Мир" карталарына қызмет көрсету жөніндегі жағдайға түсініктеме берді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан заңнамасы қазақстандық банктердің "Мир" карталарын қабылдауына шектеу қоймайды. Клиенттер бұл карталарды пайдалана алады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі 23 қыркүйекте Zakon.kz тілшісінің сауалына берген жауабында мәлімдеді.
Қазақстандық банктер операциялық және қаржылық қызметін дербес жүзеге асырады, төлем жүйесінің операторларымен іскерлік қарым-қатынастар орнатады, сондай-ақ банктік қызметтерді көрсетуге, оның ішінде "Мир" карталарын шығару мен қызмет көрсетуге қабылдауға байланысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Ұлттық банктің баспасөз қызметі

21 қыркүйекте Halyk Bank-тің баспасөз қызметі банкоматтар желісінде "Мир" картасына қызмет көрсету тоқтатылғанын хабарлады. Банктің POS-терминалдарын пайдалана отырып, "Мир" төлем жүйесінің карталарымен қолма-қол ақшасыз төлемдер әлі де қабылданып жатыр.

"Береке" банкінің баспасөз қызметі банк карталарына қызмет көрсетуде ешқандай өзгеріс жоқ екенін айтты. Бұл – "Мир" картасының иелері банкоматтан ақшаны еркін шеше алады деген сөз.

Кейбір шетелдерде "Мир" картасының қызметі тоқтатылды. Айтпақшы, вьетнамдық банктер "Мир" карталарымен жұмысын тоқтатты.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін