"Жаңбыр жауып, күн суытады". Алматы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Алматы, ауа райы болжамы, 10 қазан, 11 қазан, 12 қазан, 13 қазан, 14 қазан, 15 қазан, 16 қазан, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2026 17:54 Сурет: Zakon.kz
Алматыда сенбі мен жексенбідегі шуақты және құрғақ күндерден кейін жауын-шашын түсіп, ауа райы қайта салқындайды. Бірақ келесі апта соңына қарай күн қайта жылынады: +22°C. Алдағы аптаның толық ауа райы болжамын Zakon.kz сайтына синоптиктер ұсынды.

"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Гүлтаңсық Медеуованың айтуынша, алдағы демалыс күндері мен аптаның басы жылы болады. Бірақ кейін жауын-шашын басталып, арты суыққа ұласады.

"Болжамды кезеңнің басында Алматыда ауа райы негізінен құрғақ әрі салыстырмалы түрде жылы болады деп күтіледі. Түнгі ауа температурасы +8...+13°C шамасында болады. Аптаның ортасында ауа райы өзгереді: күндізгі ауа температурасы +17...+19°C-қа дейін төмендеп, жаңбыр жауатыны болжанады", – дейді синоптик.

Сонымен қатар, оның айтуынша, кейін жауын-шашын тоқтап, аталған кезеңнің соңына қарай күндіз ауа температурасы +20...+22°C-ге дейін біртіндеп көтеріліп, қайтадан жауын-шашынсыз ауа райы оралады.

"Бүкіл кезең бойы солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді, аталған кезеңнің ортасында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты желдің жылдамдығы секундына 13 метрге дейін күшейеді деп күтіледі", – дейді гидрометеоорталық өкілі.

Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 10-16 қазан аралығына арналған ауа райы болжамы:

  • 10-11 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +20...+22°C.
  • 12 қазан: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз кей тұстарда 13 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +11...+13°C, күндіз: +17...+19°C.
  • 13 қазан: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +17...+19°C.
  • 14 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +19...+21°C.
  • 15-16 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +9...+11°C, күндіз: +20...+22°C.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 10 қазан, сенбіге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: