"Күн қайта жылынады". Алматы бойынша 14-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы

Күн, жылыну, Алматы, ауа райы болжамы, 14 қараша, 15 қараша, 16 қараша, 17 қараша, 18 қараша, 19 қараша, 20 қараша, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2026 09:32 Сурет: Zakon.kz
Алматыда ауа райы құбылмалы болады: жауған жаңбыр мен қардан кейін алдағы демалыс күндері жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріле бастайды. Синоптиктер Zakon.kz сайтына 14-20 қарашаға арналған ауа райының толық болжамын ұсынды.

"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Гүлтаңсық Медеуованың айтуынша, аталған болжамды кезеңнің басында мегаполисте салыстырмалы түрде салқын болады, жексенбіден бастап жауын-шашын түседі, содан кейін ауа райы құрғақ әрі жылы болады.

"Алдағы күндері Алматы тұрғындары мен қонақтарын құбылмалы ауа райы күтіп тұр. Болжамды кезеңнің басында салыстырмалы түрде ауа райы салқын болады, содан кейін жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын күтіледі, одан соң жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды", деп атап өтті маман.

Оның айтуынша, сенбі күні түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, сондықтан жүргізушілер жолдарда аса мұқият болып, қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтауы тиіс. Жаңбыр мен қар жауған кезде тұманның қалыңдау қаупі артуы мүмкін, ал жолдардың жекелеген учаскелерінде көктайғақ пайда болуы ықтимал.

  • "Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, 14 қараша, сенбі күні Алматыда аспан бұлтты болғанымен, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде: -2...-4°С, күндіз: +5...+7°С.
  • 15 қараша, жексенбіде күн райы өзгереді. Күндіз жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: -1...-3°С, күндіз: +5...+7°С. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 13 м/с.
  • 16 қараша, дүйсенбіге қараған түні жаңбыр соңы қарға ұласады. Ауа температурасы түнде: -5...-7°С, күндіз: +2...+4°С.
  • 17 қараша, сейсенбіден бастап Алматыда негізінен құрғақ ауа райы орнайды. Ауа температурасы түнде: -3...-5°С, күндіз: +5...+7°С. 18 қараша, сәрсенбі күні күн жылынып, к.ндіз сынап бағаны +8...+10°С көрсетеді, ал түнгі температура 0...+2°С аралығын құрайды.
  • 19-20 қараша, бейсенбі және жұма күндері жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде: +2...+4°С, күндіз: +10...+12°С. Бұл күндері оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с.

Сонымен қатар маман қала тұрғындары мен қонақтарына тәулік ішіндегі температура ауытқуларын ескеріп, ауа райына сай киінуге кеңес береді.

"Температураға байланысты айырбастап киінуге ыңғайлы қалың киімді таңдау ұсынылады. Ауа температурасы нөлден төмен түсетін таңғы және кешкі сағаттарда жылырақ киіну аса маңызды. Жаңбыр мен қар жауған кезде су өткізбейтін аяқ-киім мен сыртқы киімді киген жөн", – дейді Гүлтаңсық Медеуова.

Жүргізушілерге тұман, жаңбыр және жол жабынының суға толып, балшық болу ықтималдығын ескеріп, қашықтық пен жылдамдық режимін сақтау, шалт маневр жасаудан және тежегішті қатты басудан аулақ болу ұсынылады.

Бұған дейін синоптиктер бүгін, 14 қарашада еліміздің 10 қаласында ауа сапасы деңгейінің күрт төмендейтінін ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: