Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

Алматы, ауа сапасы, қолайсыз ауа райы, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Шымкент, Түркістан, Талдықорған, Астана, 14 қараша, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2026 09:13 Сурет: pexels
Синоптиктер 2026 жылғы 14 қарашада еліміздің 10 қаласында ауа сапасы деңгейінің күрт нашарлауы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"14 қарашада Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Шымкент, Түркістан, Талдықорған, Алматы және Астана қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына қолайлы метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетсек, төтеншеліктер бүгін Алматы қаласы бойынша қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланғанын ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: