"Күн жылынады". Алматы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Ауа райы болжамы, Алматы, 19 қазан, 20 қазан, 21 қазан, 22 қазан, 23 қазан, 24 қазан, 25 қазан, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2024 17:36 Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, келесі аптада оңтүстік астанада күн 20 градусқа дейін жылынады деп күтіледі. Бірақ апта соңына қарай күн райы бұзылып, жаңбыр жауады. Синоптиктер Zakon.kz-ға Алматы қаласында алдағы жеті күнде ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөлісті.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 2024 жылы 19-25 қазан аралығында қалада ауа температурасы көтеріліп, күндіз сынап бағаны + 20°C жетуі мүмкін, ал түнде үсік жүруі ықтимал.

19 қазан: аспан бұлтты болады, ауа райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -1...-3°С, күндіз: +12...+ 14°С.

20 қазан: аспан бұлтты болады, ауа райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -1...-3°С, күндіз: +14...+ 16°С.

21 қазан: аспан бұлтты болады, ауа райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +5...+7°С, күндіз: +18...+ 20°С.

22 қазан: аспан бұлтты болады, ауа райы жауын-шашынсыз.  Ауа температурасы түнде: +7...+9°С, күндіз: +14...+ 16°С.

23 қазан: аспан бұлтты болады, ауа райы жауын-шашынсыз. Батыстан соққан желдің екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +6...+8°С, күндіз: +13...+ 15°С.

24 қазан: аспан бұлтты болады, аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +4...+6°С, күндіз: +11...+ 13°С.

25 қазан: аспан бұлтты болады, аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +3...+5°С, күндіз: +9...+ 11°С.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда демалыс күндері жаңбыр, қар жауып, күннің күрт суытанын айтып, болжам жариялаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: