"Жаңбыр жауып, жел тұрады". Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Алматы, 6 шілде, 7 шілде, 8 шілде, 9 шілде, 10 шілде, 11 шілде, 12 шілде, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2024 10:27 Сурет: freepik
Оңтүстік астанада тұрақсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктер алдағы жеті күн бойы найзағай ойнап жаңбыр жауады, қатты жел тұрады деп болжайды. Тек аптаның соңына қарай жауын-шашын кілт тоқтайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаевтың айтуынша, қалада найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел тұрады. Жауын-шашын келесі аптаның соңында басылады.

Алматы қаласы бойынша 2024 жылғы 6-12 шілдеге арналған ауа райы болжамы:

6 шілде: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады. Аракідік найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +17...+19°C, күндіз: +27...+29°C.

7 шілде: аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +28...+30°C.

8 шілде: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соққан желдің екпіні -  3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +26...+28°C. 

9 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +16...+18°C, күндіз: +28...+30°C.

10 шілде: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батысқа оңтүстік-шығыстан ойыса соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +30...+32°C.

11 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +30...+32°C.

12 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде : +20...+22°C, күндіз: +30...+32°C.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: