"Бұршақ аралас жаңбыр жауады". Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Алматы, 6-12 сәуір, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2024 17:26 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамымен бөлісті. Синоптиктер келесі аптада оңтүстік астанада бұршақ аралас қатты жауын-шашын болып, қатты жел тұратынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалдарының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев 6-12 сәуір аралығында қалада қандай ауа райы болатынын айтты. Метеорологтардың айтуынша, найзағай кезінде соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді, ал күндіз ең жоғары дегенде сынап бағаны +22°С дейін көтеріледі, ал түнде: +11°С.

6 сәуір: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, арасында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +7...+9°С, күндіз: +19...+21°С.

7 сәуір: аспан бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауып, арасында найзағай ойнайды, қатты жел тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +7...+9°С, күндіз +15...+17°С.

8 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +7...+9°С, күндіз: +20...+22°С.

9 сәуір: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, арасында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегісі - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +9...+11°С, күндіз: +15...+17°С.

10 сәуір: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +7...+9°С, күндіз: +17...+19°С.

11 сәуір: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел тұрады. Батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз: +19...+21°С.

12 сәуір: аспан бұлтты, бұршақ аралас жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел тұрады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 5-10 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +5...+7°С, күндіз: +13...+15°С.

Бұған дейін синоптиктер елімізде күн күрт суытып, қатты жаңбыр жауатынын ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: