Студенттердің стипендиясы 2025 жылға дейін 2 есе ұлғаяды

Сурет: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрлігі ЖОО студенттерінің стипендиясы 2025 жылға дейін 2 есеге ұлғайтылатынын мәлімдеді. 2026-2030 жылдар аралығындағы жұмыс осы тапсырма шеңберінде жалғасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар барлық студенттерге білім алу үшін қажет әлемдік цифрлық ресурстарға қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Өткізілген жұмыс қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларына енгізу үшін өзекті курстар іріктелді. 654 Coursera курсы мен 650 білім беру бағдарламаларының тізімі жасалды және ол 1500 пәнге қолданылуы мүмкін. 

Студенттік жатақханалар салу кезінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімін 8 жылдан 6 жылға дейін қысқарту және жатақханадағы бір орынға мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін 122 АЕК-тен 195 АЕК-ке дейін, Алматы қаласы үшін 144 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін ұлғайту арқылы қолданыстағы мемлекеттік-жеке әріптестік тетігін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні