2023 жылдан бастап қызметкерлердің жалақысынан төленетін бірыңғай төлемді кімдер төлейді

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Келесі жылдан бастап қызметкерлердің жалақысынан төленетін бірыңғай төлем енгізіледі. Ол не үшін қажет және кімдер төлейтінін, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған төлем жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу мен төлеуді жеңілдетеді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. 

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері саналатын салық төлеушілер үшін Бірыңғай төлем енгізіледі:

Комитет өкілдерінің сөзінше, жалақыдан бірыңғай төлем қызметкерлердің табысынан жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерді орындауды оңайлату мақсатында  енгізіледі.

Бірыңғай төлемге: қызметкерлердің табысынан жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар енгізіледі.

2023 жылы Бірыңғай төлем мөлшерлемесі еңбекақы төлеу қорының 20%-ына   (оның ішінде жеке табыс салығының үлесі -9%) тең болады.

 Мөлшерлемені кезең кезеңімен ұлғайту көзделген: 2024ж. - 21,5%, 2025ж. – 23,8%, 2026ж. – 24,8%, 2027ж. – 25,8% және 2028ж. – 26,3%.

Бірыңғай төлемді есептеу кезінде әлеуметтік төлемдер бойынша белгіленген жеңілдіктер ескеріледі.

Бірыңғай төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының шотына бір төлеммен аударылады, ол төлемдерді белгіленген тәртіпке сәйкес бөледі және бірыңғай төлем төлеушілердің есебін жүргізеді.

Бірыңғай төлемнің есептелген сомасы қолданылатын салық салу режиміне байланысты 200.00, 910.00 және 920.00 нысанды декларацияларда көрсетіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі