Орталық банктің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, ҚР Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.
"Бұл шешім инфляцияның Ұлттық Банктің болжамдарына сәйкес келуіне байланысты қабылданды. Ішкі және сыртқы инфляциялық процестер динамикасы, сондай-ақ экономикалық өсу траекториясы Ұлттық Банк болжамының базалық сценарийіне сәйкес қалыптасып келеді".ҚР Ұлттық банкі
Орталық банк өкілдерінің мәлімдеуінше, айлық инфляция біртіндеп баяулап келеді, бірақ ол өзінің орташа жылдық мәндерінен жоғары күйінде қалып отыр. Инфляциялық тәуекелдердің балансы проинфляциялық күйін сақтап қалды, себебі инфляцияның орнықты бөлігі жоғары қалыптасып, инфляциялық күтулер қарқын алды. Логистикалық тізбектердің құрылымдық өзгеруі экономикаға теріс ықпалын тигізіп келеді.
"Сақталып отырған тәуекелдер базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт ішінде ағымдағы мәндерде ұстап тұруды талап етеді". ҚР Ұлттық банкі