Былтыр қанша рейс қандай себеппен кешіккені белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов сенатта 2022 жылы ұшақтардың кешігуіне негізгі себептердің бірі - техникалық себеп екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылы ұшақтардың кешігуіне негізгі себеп - техникалық себеп (13%) Оған қоса жолаушыларға қызмет көрсету, жүкті ұзақ түсіру (16%), ауа-райының қолайсыздығы (8%), адам факторы - экипаждың болмауы, әуе қозғалысына қызмет көрсету шектеулері, кеден бақылауы және тағы басқалары (7%). Бұл себептер ұшақтың кеш келуіне мультипликативті әсер етті (56%).

2022 жылы 78 483 рейстің 5 056-сы тоқтатылды. Оның ішінде 2 105 рейс (41 %) операциялық себептермен (саяси жағдай, ұшу қауіпсіздігі), 2 951 рейс (59 %) коммерциялық себептермен (коммерциялық жүктеменің аздығы, әуе кемелерін жеткізудің кешігуі) тоқтады.

Ұшу тұрақтылығының төмендеуі басқа елдерде де байқалды. Мысалы, АҚШ пен ЕО-да жүйелік сәйкесінше 76% және 75% болды. Әуе тасымалына тасымалдаушы шектеу қойған тұлғалардың тізілімі (қара тізім) енгізілді

"Әуе тасымалдаушының кінәсі танылған жағдайда біз шара қолданып, әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. 2022-2023 жылдарға арналған Жалпы сомасы 8 200 АЕК (25,2 млн. теңге) құрайтын 9 әкімшілік айыппұл салынды".ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов

2022 жылы 11 млн жолаушы тасымалданған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 17% артық (9,4 млн. жолаушы).

"Халықаралық рейстер 28 мемлекетпен аптасына 477 рейс жиілігімен 104 авиамаршрут бойынша орындалады. Ұшуды кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп, «ашық аспан» режимі енгізілді". Алмаз Ыдырысов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды