21 маусымдағы саудада доллар арзандады

Сурет: unsplash
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,9 теңгеге төмендеп, 447,4 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 62,21 теңге (-0,17) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 489,68 теңге, рубльді 5,33 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 446,5-449,5 теңге, еуро 488,5-492,5 теңге, ресей рублі 5,19-5,44 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Мұнайдың әлемдік бағасы таңғы саудада құлдырағаннан кейін сәл көтерілді. Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен 15:30-дағы жағдай бойынша 0,02%-ға қымбаттап, барреліне 75,92 доллар болды, ал WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 0,06%-ға өсіп, 72,19 доллар болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді