Ұлттық банк ел азаматтарына алаяқтықтың тағы бір түрі белсенділік танытып жатқанын ескертті

Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Ұлттық банк интернет дүкенінің сатып алушыларына коллекциялық монеталардың санына қойылатын шектеулерді айналып өтеді деген желеумен арнайы бағдарлама сатып алуды ұсынушы алаяқтардың белсенділік таныта бастағанын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі Қазақстан нумизматтарының арнайы топтарында алаяқтар "көмекші бағдарламаға" бір реттік жол ашу мүмкіндігін арнайы төлемге ұсынып жүр. Сөйтіп, ол бағдарлама Ұлттық банктің интернет-дүкенінен сатып алушылардың себетіне коллекциялық монеталарды кез келген мөлшерде автоматты түрде "лақтырады" деп сендіреді. 

"Сонымен қатар, коллекциялық монеталарды себетке түскені туралы "сәтті" операциялары бар суреттер көрсетіледі және "көмекші бағдарлама" толығымен қауіпсіз екені туралы жалған ақпарат беріледі. Алайда, қолма-қол ақшаны алғаннан кейін, алаяқтар вирус немесе басқа да зиянды кодтардан тұратын бағдарламалық жасақтаманы ұсынады. Олардың орындалуы пайдаланушы деректерінің таралып кетуіне немесе жоғалуына әкелуі мүмкін", делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты Ұлттық банк сақ болуды, банктің интернет-дүкенімен жұмыс істеу барысында күмәнді бағдарламалық жасақтаманы сатып алмауды және пайдаланбауды сұрайды.

Сатып алынатын монеталар санына лимитті Ұлттық банк әрбір мәміле бойынша тексереді. Бұл банктің интернет-дүкенінің себетіне монеталарды сәтті қосқан жағдайда да, белгіленген лимиттен тыс сату мүмкін еместігін білдіреді.

Өзіңіз немесе таныстарыңыз алаяқтық әрекеттерге тап болған жағдайда, қажетті сот ісін жүргізу үшін құқық қорғау органдарына тиісті өтінішпен жүгіну сұралады. Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық банктің байланыс орталығына да хабарласуға болады.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты