12 шілдедегі саудада доллар тағы арзандай түсті

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,60 теңгеге төмендеп, 440,55 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы аздап төмендеп, 61,11 теңге (-0,13) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 485,4 теңге, рубльді 4,88 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 443-446,5 теңге, еуро 486,5-491 теңге, ресей рублі 4,83-5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал, 12 шілдедегі саудада әлемдік мұнай бағасы өсті.

ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы қыркүйектегі фьючерстерінің құны 0,15%-ға өсіп, барреліне 79,52 доллар болды.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері барреліне 0,19%-ға өсіп, 74,97 доллар болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі