2023 жылғы маусым айы үшін:
- 400.00 "Акциз бойынша декларация";
- 421.00 "Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебі".
2023 жылғы 2 тоқсан үшін:
- 101.03 "Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп";
- 101.04 "Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп";
- 200.00 "Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация";
- 300.00 "Қосылған құн салығы бойынша декларация";
- 570.00 "Экспортқа рента салығы бойынша декларация";
- 590.00 "Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация";
- 710.00 "Ойын бизнесі салығы бойынша декларация";
- 860.00 "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация";
- 870.00 "Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация";
- 913.00 "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация"
2023 жылғы 1 жартыжылдық үшін:
- 910.00 "Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация".
Мерзімнің соңғы күндерінде жүктеменің өсуін болдырмау үшін салық есептілігін алдын-ала тапсырған жөн.