Енді қамқоршылар балаларға арналған банк картасын онлайн аша алады

Сурет: pixabay
Балаларға банк карталарын ашу олардың қамқоршылары мен қорғаншылары үшін онлайн режимінде қолжетімді болады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің цифрландыру және автоматтандыру департаменті хабарлады.

Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ-мен және "ҰАТ" АҚ-мен бірлесе отырып, қорғаншылар мен қамқоршылардың келісімімен олардың қамқоршылығындағы 18 жасқа толмаған балалар туралы мәліметтерді беру бойынша екінші деңгейлі банктермен интеграциялық қызметті жүзеге асырды.

"Интеграция қорғаншылар мен қамқоршыларға банктік қызметтерді алу үшін қағаз жүзіндегі анықтамаларсыз, өздерінің мәртебесін онлайн растауға мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

Бұрын балаға банк картасын тек ата-анасы ғана аша алатын. Енді бұл қызмет қорғаншылар мен қамқоршылар үшін де қолжетімді болады. ҚР Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік қызметтерді электронды және проактивті форматқа көшіру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды

Қырғызстанда Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін 732 метрлік әйнек көпір салынады