8 қыркүйектегі саудада теңге әлсірей түсті

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,70 теңгеге қымбаттап, 466,29 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 63,43 теңгеге дейін көтерілді (+0,11).

Еуро бағамын Ұлттық банк 497,64 теңге, рубльді 4,72 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 463,5-467 теңгеге, еуро 497,5-502,5 теңгеге, ресей рублі 4,67-4,87 теңгеден саудаланып жатыр.
Ал 8 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліді.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстерінің құны 0,24%-ға өсіп, барреліне 90,14 доллар болды.

NYMEX электронды саудасында қазан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,08%-ға өсіп, барреліне 86,94 доллар болды.
Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды