Алматыда 30 мыңнан астам адам табыс туралы декларацияны тапсырмаған

Сурет: freepik
Алматыда жалпы декларацияның екінші кезеңі бойынша 30 195 адам табысы туралы декларацияны ұсынбаған. Бұл туралы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпыға бірдей декларацияның екінші кезеңі 2023 жылдың 1 қаңтарында басталды. Екінші кезең шеңберінде мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері, сонымен қатар олардың жұбайы жеке тұлғаның 250.00 нысанындағы активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынады.

"Жалпы Алматы қаласы бойынша жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі аясында 152 484 жеке тұлға декларация тапсыруға тиіс. Биыл 15 қыркүйекте декларацияны тапсыру мерзімі біткеніне қарамастан 30 195 жеке тұлға декларация тапсырған жоқ", - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер департаменті.

Декларация тапсырмағандардың 61%-ы немесе 18 440 адам білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері болса, қалғандары - квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері.

Департамент декларацияны уақтылы ұсынбағаны үшін ҚР ӘҚБтК-де әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Бірінші рет бұзса, ескерту жасалады. Қайталаса, 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады (2023 жылы 51 750 теңге).

Декларацияны электронды түрде "Салық төлеушінің шоты" (cabinet.salyk.kz), "Электронды үкімет" порталы (egov.kz), eSalyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Барлық сұрақ бойынша бірыңғай байланыс орталығына 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды