13 қыркүйектегі саудада доллар қайта қымбаттады

Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,84 теңгеге қымбаттап, 463,93 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 63,69 теңгеге (+0,75) дейін көтерілді.

Еуро бағамын Ұлттық банк 493,7 теңге, рубльді – 4,87 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 464-467 теңге, еуро 498,5-503 теңге, ресей рублі 4,79-4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр.

13 қыркүйектегі саудада әлемдік мұнай бағасы көтеріле түсті.

ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы  фьючерстерінің құны 0,68%-ға өсіп, барреліне 92,69 доллар болды.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың қазандағы  фьючерстері 0,74%-ға өсіп, барреліне 89,50 долларға тең болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі