18 қазандағы саудада доллар бағамы тағы өсті

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,59 теңгеге қымбаттап, 477,99 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 65,45 теңгеге (+0,23) дейін көтерілді.

Еуро бағамын Ұлттық банк 503,5 теңге, рубльді 4,9 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 476,7-478,9 теңге, еуро 503,5-506,5 теңге, ресей рублі 4,77-4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 18 қазандағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандық фьючерстерінің құны 1,65%-ға өсіп, барреліне 91,39 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында ақпан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 1,93%-ға өсіп, 88,34 доллар болды.
Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Жыл басынан бері елімізде 18 заңсыз ойынхана табылып, 27 қылмыстық іс қозғалды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Найзағай, бұршақ, аптап ыстық". Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Ақерке". Димаш жаңа әні шыққанын айтып, жанкүйерлерін елеңдетіп қойды