23 қазандағы саудада доллар сәл арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,29 теңгеге төмендеп, 478,77 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытайдағы мерекеге байланысты юаньмен сауда болған жоқ.

Еуро бағамын Ұлттық банк 507,23 теңге, рубльді 5,01 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 478,5-480,7 теңге, еуро 505,5-508,5 теңге, ресей рублі 4,87-5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.

23 қазандағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 1,13%-ға арзандап, барреліне 91,12 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 1,36%-ға арзандап, барреліне 86,88 доллар болды.

ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі