8 қарашадағы саудада доллар қымбаттады

Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,07 теңгеге қымбаттап, 466,79 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 64,15 теңге (+0,49) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 496,17 теңге, рубль бағамын 5,03 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 467,7-469,9 теңге, еуро 498,5-502 теңге, ресей рублі 4,95-5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал, 8 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтеріле түсті.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 0,15%-ға өсіп, барреліне 81,73 доллар болды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,01%-ға өсіп, барреліне 77,38 доллар болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Жыл басынан бері елімізде 18 заңсыз ойынхана табылып, 27 қылмыстық іс қозғалды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Найзағай, бұршақ, аптап ыстық". Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Ақерке". Димаш жаңа әні шыққанын айтып, жанкүйерлерін елеңдетіп қойды