ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, істер Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелді.
"Eolus" компаниясының шын мәнінде жұмыс істейтінің дәлелі ретінде, ұйымдастырушылар "ENERGY EOLUS QAZAQSTAN" ЖШС бір азаматтың атына тіркеу арқылы оны өзінің қылмысына тартқан. Салымшылар инвестициялау кезінде ақшаны алу үшін соманы жинақтай отырып, күн сайын 2,5-тен 3,5%-ға дейін пайда алады. Жаңа пайдаланушы тартылған кезде салым сомасының 10% мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы, сонымен қатар жаңа пайдаланушының жыл ішіндегі күнделікті табысының 4%-ы төленеді. Осылайша сыйақы сомасы жылына 3000% болады. Ал ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі жылдық 16% көрсетеді.
Қазақстандағы өкіл ақша қаражатын екінші деңгейдегі банктегі өз шотына қабылдайды, содан кейін криптобиржаға аударып, айырбастауды жүргізеді. Соңында криптошелек арқылы "energyeolus.top". платформасындағы өз шотына аударады.
"Бұған тартылған азаматтардың жалпы саны кемінде 3 мың адам, оның ішінде 1 773 салымшы 259 млн теңге сомаға мүліктік зиян келтірілгені жайлы өтініш берген. ҚМА Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеді". Қаржы мониторингі агенттігі
Егер сіз қаржы пирамидасының құрбаны болсаңыз, тұрғылықты жері бойынша Экономикалық тергеу департаментіне хабарласа аласыз. Call-center: 1458