Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Первоклассники, первый класс, школьники, ученики младших классов, начальные классы, школа, 1 сентября, первое сентября, школьная линейка, День знаний, первый звонок, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2026 09:12 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында "Жалпыға міндетті білім беру" қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектеп формасын, аяқкиім және оқу құралдарын сатып алуға көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026-2027 оқу жылы қарсаңында 450 мыңға жуық бала қолдауға ие болады.

Осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден шамамен 23 млрд теңге қарастырылған. Бір балаға берілетін көмектің ең төменгі мөлшері – 50 851 теңге. Бұл былтырғы көрсеткіштен 10%-ға көп.

Жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай кейбір өңірлерде төлем мөлшері бұдан да жоғары болуы мүмкін. Көмек жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға беріледі.

Төлем алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер білім беру ұйымына өтініш беріп, тиісті құжаттарды ұсынуы қажет.

Бұған дейін Қазақстан мектептерінде маңызды өзгерістер енгізілетіні және оқушыларды қандай жаңалықтар күтіп тұрғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: