Жаңалықтар тізбегі
0

Кімдерге баланы мектепке жинау үшін 43 мың теңгеден қаражат бөлінеді

Школьная линейка, ученики, школьники младших классов, 1 сентября, первое сентября, День знаний, школа, колокольчик , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2024 14:09 Фото: пресс-служба акимата Алматы
ҚР Білім министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова 1 тамызда ОКҚ брифингінде жалпыға бірдей білім беру қорындағы балаларға киім-кешек пен мектеп керек-жарақтарын сатып алуға қалай көмек көрсететінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.Б

Спикердің айтуынша, жалпыға міндетті білім қоры жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға қолдау көрсетіп, оқуға қажет құралдар береді.

"Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға материалдық қолдау көрсетіледі. Жаңа оқу жылы қарсаңында төтенше жағдайға тап болған оқушылар қаржылай көмек алады".Назымжан Оспанова

Биыл әкімдіктер мектепке 500 мыңнан астам баланы даярлауға тиісті қаражат бөлген.

"Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың карт-шоттарына ақша қаражатын аудару бөлігінде көмек көрсету тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдады. Бұл ата-аналар мен балаларға киім-кешек, мектеп керек-жарақтарын жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, осылайша сапасыз тауарларды алуға жол берілмейді", – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ, жалпыға міндетті білім беру қорының қаражатын біркелкі бөлу мәселесі шешілді. Енді әрбір білім алушыға қаржылық қолдаудың ең төменгі мөлшері белгіленді, ол ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауға тиіс. Биыл бұл көрсеткіш 43 407 теңгені құрайды, яғни материалдық көмектің мөлшері осы сомадан төмен болмауы керек.

"Бүгінгі таңда ата-аналардың шоттарына 3,4 млрд теңгеден астам қаражат аударылды, 78 мыңға жуық бала қамтылды. Бұл процесс жалғасуда. Осыған байланысты, жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп тауарларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өңір әкімдіктерінен, "Атамекен" ҰКП-дан мектеп жинақтарын, мектеп формаларын және т. б. сату бойынша жәрмеңкелер, соның ішінде көшпелі жәрмеңкелер ұйымдастыруды сұраймыз", — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

17 шілдеде жаңа оқу жылының, сондай-ақ емтихандардың басталу және аяқталу мерзімдері анықталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: