Жаңалықтар тізбегі
0

Оқу-ағарту министрлігі тезарада шешілуге тиіс мәселені атады

Оқу-ағарту министрлігі, қаңғыған ит, балалардың құқығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2023 13:07 Сурет: pixabay
2023 жылғы 6 желтоқсанда ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова қаңғыған иттерге қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, осы жылдың бірінші жартыжылдығында елде қаңғыған иттер 81 баланы қапқан, соның салдарынан үш бүлдіршін көз жұмды.

"Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық статистика бюросының берген ақпары бойынша балалар Ақтөбе және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында қайтыс болған. Бұл қорқынышты оқиғалар шұғыл араласуды және батыл әрекеттерді талап ететін мәселенің өткірлігін ғана көрсетеді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілік жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі. Олар осы сынды оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында дереу шаралар қолдануға міндетті. Алайда қабылданған әрекеттерге қарамастан, қажетті қадамдар жеткіліксіз болып көрінеді", – деп жазды Насымжан Оспанова Instagram парақшасында.

Оның пікірінше, бұл жағдай халықтың, әсіресе осал жағдайдағы балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіріп отыр.

"Комитет билікті бұралқы иттер тарапына қатысты бақылауды күшейтуге шақырады. Аталған мәселе дереу және байыпты назар аударуды қажет етеді. Өйткені әрбір жағдай балаға, отбасыға және қоғамға ауыртпашылық әкелетіні анық".Насымжан Оспанова

Осыған байланысты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қауіпсіз жағдай жасауға ұмтыла отырып, мәселені жүйелі шешу үшін жедел шаралар кешенін қабылдауды ұсынады:

  • дрондар мен пилотсыз машиналар сияқты заманауи инновациялық технологияларды қолдана отырып, әр түрлі аудандар мен қалалардағы бұралқы иттердің шоғырлану орындарын үнемі бақылау;
  • өңірлердің әкімдіктері мен мәслихаттары отырыстарының күн тәртібіне ветеринариялық қызметтерді қаржыландыру туралы мәселелерді енгізу;
  • осы сынды фактілері бойынша мемлекеттік органдардың сенім телефондары мен "жедел желілері" арқылы азаматтардың өтініштері мен хабарламаларын қабылдауды ұйымдастыру.
"Қайғылы оқиғалар туралы хабарламалар әлі де келіп түсуде және оны елемеуге болмайды. Балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасы ету және осындай жағдайлардың алдын алу үшін күш біріктіру қажет. Біз барлығымыз балаларды қорғау және олардың өсуі мен дамуы үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету үшін күш-жігер жұмсауға тиіспіз". Насымжан Оспанова

Жақында Шығыс Қазақстан облысында ит қапқан екі бала ауруханаға түсіп, біріне ота жасалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: