Насымжан Оспанова Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы болды

Оқу-ағарту министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау комиеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2022 10:44 Сурет: primeminister.kz
Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Насымжан Жамбекқызы Оспанова ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Насымжан Оспанова 1969 жылы Алматы облысында туған.

Білімі:

Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі техникалық институтының Алматы филиалын, Алматы Менеджмент университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1991 жылы Алматы қаласының №18 Кәсіптік-техникалық училищесінде өндірістік оқыту шебері болып бастады.

  • 1992-1993 жылдары Алматыдағы №18 Кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы болып жұмыс істеді.

  • 1993-1996 жылдары Алматы қаласы №18 Кәсіптік-техникалық училищесі директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

  • 1996-2006 жылдары – Алматы қаласы №18 Кәсіптік-техникалық мектеп директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары.

  • 2002-2006 жылдары Алматы қаласы №18 Кәсіптік мектеп директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.

  • 2006-2008 жылдары – Алматы технология және менеджмент колледжінің директоры.

  • 2008-2016 жылдары Алматы қаласы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің директоры қызметін атқарды.

  • 2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының міндетін атқарды.

  • 2017 жылдың сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: