Төлеген Оспанқұлов ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы болды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2022 19:46 Сурет: primeminister.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Төлеген Қапақұлы Оспанқұлов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметіне тағайындалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат ҚР Үкімет басшысының сайтында жарияланды.

Төлеген Оспанқұлов 1961 жылы 28 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

  • Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын;

  • Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын «КИЗ» тәжірибелік-өндірістік шаруашылығында мал дәрігері, МТФ №1 бригадирі болып бастады.

  • 1988-1994 жылдары 23 Партсъезд атындағы совхоздың бас мал дәрігері, сүт кешенінің бастығы, бригадирі болып жұмыс істеді.

  • 1994-1997 жылдары – «КИЗ» тәжірибелік-өндірістік шаруашылығында бас мал дәрігері.

  • 1998 жылғы қарашадан бастап 2001 жылғы ақпанға дейін – Алматы қ. бойынша еңбек инспекциясы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, еңбекті қорғау секторының меңгерушісі, еңбек инспекциясы бөлімінің басшысы.

  • 2001-2008 жылдары – ЕХӘҚМ департамент директорының орынбасары – Алматы облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

  • 2009-2014 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

  • 2014-2017 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

  • 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: