24 қарашадағы саудада доллар бағамы тағы көтерілді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, сағат 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,99 теңгеге қымбаттап, 463,09 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 64,86 теңге (+0,43) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 503,64 теңге, рубль бағамын 5,23 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 461,5-463,7 теңге, еуро 502,5-505,5 теңге, ресей рублі 5,15-5,29 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал, 24 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Қаңтардағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны ICE Futures электрондық саудасында 0,01%-ға арзандап, барреліне 81,41 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері 0,82%-ға төмендеп, барреліне 76,47 доллар болды.

ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Жыл басынан бері елімізде 18 заңсыз ойынхана табылып, 27 қылмыстық іс қозғалды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Найзағай, бұршақ, аптап ыстық". Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Ақерке". Димаш жаңа әні шыққанын айтып, жанкүйерлерін елеңдетіп қойды