Желтоқсанның 7-сі күнгі саудада доллар бағамы сәл көтерілді

Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,37 теңгеге қымбаттап, 459,91 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,21 теңге (-0,08) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 495,71 теңге, рубльді 4,93 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 460,3-462,3 теңге, еуро 495,5-498,5 теңге, ресей рублі 4,95-5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал мұнайдың әлемдік бағасы бір күн бұрын арзандаған соң 7 желтоқсандағы саудада қайта көтерілді.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің құны 0,65%-ға өсіп, барреліне 74,78 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері барреліне 0,63%-ға қымбаттап, 69,82 доллар болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі