2024 жылы орташа зейнетақы қанша болады

Сурет: Zakon.kz
20 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылы зейнетақысы бойынша қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, базалық зейнетақы төлемі ұлғайып келеді.

"Келесі жылдан бастап біз ең төменгі шекті тағы 5% көтереміз. Инфляция деңгейіне индекстеу жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы және 2024 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған төлемдері бар барлық зейнеткерлерге индекстеу 7%, инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып жүргізіледі. Зейнетақының орташа мөлшері келесі жылы шамамен 130 мың теңге болады".Светлана Жақыпова

Оның сөзінше, 2023 жылы қазақстандықтардың орташа зейнетақысы 120 мың теңге болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін