18 қарашадағы саудада доллар сәл қымбаттады

Доллар, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2026 15:53 Фото: freepik
2026 жылғы 18 қарашада сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды. Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 0,17 теңгеге көтеріліп, 444,16 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің бағамы 0,01 теңгеге өсіп, 5,40 теңгеге жетті. Қытай юані 0,016 теңгеге қымбаттап, 66,59 теңге болды.

Қазақстандағы валюта айырбастау пункттерінде долларды 444,1 теңгеден сатып алып, 446 теңгеден сатып жатыр. Еуроны сатып алу бағамы – 487,4 теңге, сату бағамы – 491,8 теңге. Ресей рублін 5,15 теңгеден сатып алып, 5,26 теңгеден сатуда.

18 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеп жатыр. ICE Futures биржасындағы электрондық саудада Brent маркалы мұнайдың қаңтар айына арналған фьючерстері 1,47%-ға арзандап, барреліне 91,77 доллар болды.

NYMEX биржасындағы электрондық саудада WTI маркалы мұнайдың қаңтар айына арналған фьючерстері 1,89%-ға арзандап, барреліне 83,05 долларға дейін төмендеді.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 443,96 теңге, еуроныкін 487,73 теңге, ал Ресей рублінікін 5,38 теңге деп белгіледі.

Бұған дейін Zakon.kz 18 қараша күні түске дейін Қазақстандағы айырбастау пункттерінде шетел валютасын қандай бағаммен сатып алып, сатқанын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: