17 қарашадағы саудада доллар бағамы сәл төмендеді
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,55 теңгеге төмендеп, 443,96 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 0,01 теңгеге төмендеп, 5,39 теңге болды.
Қытай юанінің бағамы да 0,01 теңгеге арзандап, 66,57 теңгені құрады.
Ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 444,3 теңге, сату бағамы – 446 теңге. Еуроны сатып алу – 488,8 теңге, сату – 493,3 теңге, ал рубльді сатып алу – 5,13 теңге, сату – 5,24 теңге.
17 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы да төмендеп жатыр.
Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,9%-ға арзандап, барреліне 91,62 доллар болды.
Америкалық West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1%-ға төмендеп, барреліне 84,89 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 444,4 теңге, еуроны 488,97 теңге, рубльді 5,39 теңге деңгейінде белгіледі.
17 қарашаның бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындары шетел валюталарын қандай бағаммен сатып алып, сатқанын осы жерден көруге болады.