12 қарашадағы саудада доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
Фото: pexels
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,2 теңгеге төмендеп, 443,62 теңге болды.
Ресей рублінің бағамы 0,0055 теңгеге төмендеп, 5,36 теңгені құрады.
Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 0,18 теңгеге өсіп, 66,86 теңгеге жетті.
Ақша айырбастау пункттерінде валютаны сатып алу және сату бағамдары мынадай:
- - Долларды сатып алу – 443,6 теңге, сату – 445,4 теңге.
- - Еуроны сатып алу – 491,6 теңге, сату – 497,2 теңге.
- - Рубльді сатып алу – 5,13 теңге, сату – 5,24 теңге.
12 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы өсіп жатыр.
ICE Futures биржасының электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қаңтар айына арналған фьючерстері 0,96%-ға қымбаттап, барреліне 93,65 долларға жетті.
NYMEX биржасының электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айына арналған фьючерстері 0,92%-ға өсіп, барреліне 87,33 доллар болды.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 444,76 теңге, еуроны 495,37 теңге, рубльді 5,37 теңге деңгейінде белгіледі.
12 қарашаның бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валюталары қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын мына жерден көруге болады.