Доллар бағамы кезекті өсімнен кейін 10 қарашадағы саудада 447,52 теңгеге дейін төмендеді
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ресей рублінің бағамы 0,3 теңгеге төмендеп, 5,42 теңге болды. Қытай юанінің бағамы 0,9 теңгеге төмендеп, 66,44 теңгені құрады.
Айырбастау пункттерінде долларды 447,7 теңгеден сатып алып, 449,4 теңгеден сатады. Еуроның сатып алу бағамы – 500,5 теңге, сату бағамы – 504,8 теңге. Ал рубльді 5,18 теңгеден сатып алып, 5,29 теңгеден сатады.
10 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы да төмендеді. ICE Futures биржасындағы электрондық саудада Brent маркалы мұнайдың қаңтар айына арналған фьючерстері 2,14%-ға арзандап, баррелінің бағасы 90,59 доллар болды.
NYMEX биржасындағы электрондық саудада WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айына арналған фьючерстері 2,25%-ға арзандап, баррелінің бағасы 84,90 долларға дейін түсті.
Таңертең Ұлттық банк бір АҚШ долларының ресми бағамын 448,98 теңге, бір еуроның бағамын 502,45 теңге, ал бір Ресей рублінің бағамын 5,45 теңге деп белгіледі.
Қазақстандағы айырбастау пункттері 10 қараша күні түске дейін шетел валютасын қандай бағаммен сатып алып, сатқанын Zakon.kz материалынан оқи аласыздар.