10 наурыздағы саудада доллар бағамы төмендеді

Доллары, деньги, коррупция, взятка, взятки, деньги в конверте, конверт с деньгами, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 15:51 Фото: pexels
2026 жылғы 10 наурызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 491,59 теңгені құрап, 2,25 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,23 теңгеге дейін төмендеді (-0,02).

Ал Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 71,67 теңге болды (+0,11).

Айырбастау пункттерінде:

  • доллар 493,4–495,8 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда;
  • еуро 567–577,7 теңге аралығында;
  • рубль 6,24–6,38 теңге шамасында.

Сонымен қатар мұнай бағасы АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран туралы мәлімдемесінен кейін шамамен 10%-ға күрт төмендеді. Ол Иран Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізілімін тоқтатуға әрекет жасаса, "жиырма есе қатты соққы жасалатынын" айтқан.

Нәтижесінде Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне шамамен 88 доллар деңгейінде тұрақтады. Ал америкалық WTI мұнайы 85 доллар шамасына дейін төмендеді, бұған дейін оның бағасы 100 доллардан асқан болатын.

Ормуз бұғазы – әлемдік теңіз арқылы тасымалданатын мұнайдың шамамен 20–30%-ы өтетін маңызды бағыт. Ол Парсы шығанағындағы елдердің мұнай экспортында негізгі рөл атқарады.

Бұған дейін Ұлттық банк таңертеңгі ресми бағамды:

  • доллар – 493,85 теңге,
  • еуро – 571,78 теңге,
  • рубль – 6,25 теңге деп белгілеген еді.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: