4 наурыздағы сауда қорытындысы: доллар бағамы өсті
Фото: pexels
2026 жылғы 4 наурызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 499,83 теңгені құрап, 1,31 теңгеге өсті.
Ресей рублінің бағамы 6,42 теңгеге дейін төмендеді (-0,006).
Ал қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 72,28 теңге болды (+0,14).
Айырбастау пункттерінде:
- доллар 497,8–501,2 теңге,
- еуро 579,9–585,4 теңге,
- рубль 6,38–6,50 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда.
Сонымен қатар 4 наурыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы да өсті.
Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері барреліне 82,66 долларға дейін көтерілді. Бұл – сейсенбі күнгі жабылу бағасынан 1,55%-ға жоғары, әрі 2025 жылғы қаңтардан бергі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
NYMEX биржасында WTI мұнайының сәуір айындағы фьючерстері 1,27%-ға өсіп, барреліне 75,51 долларды құрады.
Бұған дейін Ұлттық банк таңертеңгі ресми бағамды:
- доллар – 498,09 теңге,
- еуро – 577,34 теңге,
- рубль – 6,41 теңге деңгейінде белгілеген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript