11 қарашадағы сауда-саттық қорытындысы: доллар бағамы қайта өсті

Доллар, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 16:05 Фото: freepik
2025 жылғы 11 қарашада сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 525,28 теңге болып, 1,69 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 6,46 теңгеге дейін төмендеді (-0,01), ал қытай юанының бағамы 73,62 теңге болды (-0,08).

Айырбастау пункттерінде долларды 526,2–528 теңгеден, еуроны 606,9–611,3 теңгеден, рубльді 6,39–6,50 теңге аралығында сатып алып, сатуда.

11 қарашадағы әлемдік нарықтағы саудада мұнай бағасы төмендеуде.

Атап айтқанда, Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,2% төмендеп, барреліне 63,94 долларды құрады.

West Texas Intermediate (WTI) маркалы америкалық мұнай да 0,2%-ға арзандап, 59,99 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк ресми бағамды келесідей белгіледі:

  • доллар – 523,58 теңге,
  • еуро – 605,36 теңге,
  • рубль – 6,45 теңге.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: