4 ақпандағы сауда қорытындысы: доллар бағамы 500 теңгеден төмендеді
Фото: freepik
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 498,65 теңгені құрап, 4,4 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы 6,45 теңгеге дейін төмендеді (–0,09).
Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 72,11 теңгені құрады (–0,49).
Айырбастау пункттерінде доллар 498,7–501,3 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда. Еуро бағамы 587,3–594 теңге, ал рубль 6,42–6,55 теңге аралығында.
Сонымен қатар, 4 ақпандағы саудада әлемдік мұнай бағасы өсу үстінде. Brent маркалы мұнайдың сәуір айына арналған фьючерсі 0,03%-ға қымбаттап, барреліне 67,35 доллар болды. Ал наурыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай 0,2%-ға өсіп, барреліне шамамен 63,35 доллар деңгейінде саудалануда.
Айта кетейік, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 503,44 теңге, еуроны – 593,35 теңге, рубльді – 6,55 теңге деңгейінде белгілеген болатын.