20 ақпандағы сауда барысында доллар бағамы тағы да 500 теңгеден төмен түсті

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 20 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,63 теңгеге төмендеп, 499,76 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,81 теңгеге дейін өсті (+0,02).
Ақша айырбастау орындарында доллар 501,1-504,7 теңге, еуро 521-526 теңге, рубль 5,55-5,69 теңге аралығында сатылуда.
20 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында сәуірдегі Brent фьючерстерінің құны 0,04%-ға өсіп, барреліне $76,07 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының сәуірдегі фьючерстері 0,01%-ға өсіп, барреліне 72,11 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 503,61 теңге, еуроны 524,96 теңге, рубльді 5,58 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript