500 теңгеден төмен: 13 ақпандағы сауда сессиясында доллар бағамы тағы төрт теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 13 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,95 теңгеге төмендеп, 497,88 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,36 теңгеге (-0,34) түсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 503,5-507,5 теңге, еуро 520,5-525,5 теңге, рубль 5,25-5,37 теңге аралығында сатылуда.
13 ақпандағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.
Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 0,7 долларға арзандап, 74,48 долларды құрады.
Нью-Йорк NYMEX (New York Merchantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы 0,67 долларға арзандап, барреліне 70,7 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 501,31 теңге, еуроны 520,11 теңге, рубльді 5,33 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript