25 ақпандағы саудада доллар тағы да 500 теңгеден төмен түсті

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 25 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,46 теңгеге төмендеп, 498,69 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,61 теңгеге (-0,93) түсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 499,1-502,1 теңге, еуро 522-526,5 теңге, рубль 5,61-5,75 теңге аралығында сатылуда.
25 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасындағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,26%-ға өсіп, барреліне $74,50 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының сәуірдегі фьючерстері 0,38%-ға өсіп, барреліне 70,97 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 502,89 теңге, еуроны 527,03 теңге, рубльді 5,71 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript