21 қаңтардағы саудада доллар бағамы төмендеді

Обмен валют, обменник, обменный пункт, доллары, доллар, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2026 15:54 Фото: pixabay
2026 жылғы 21 қаңтарда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 506,70 теңгені құрап, тағы 0,46 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,49 теңгеге дейін арзандады (–0,02 теңге).

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 72,84 теңгені құрады (–0,12 теңге).

Айырбастау орындарында долларды 506,6–508,8 теңгеден сатып алып, сатуда, еуро 591,6–596,2 теңге аралығында, рубль 6,42–6,53 теңге шамасында саудалануда.

21 қаңтарда әлемдік мұнай бағасы да төмендеді.

Наурыз айындағы Brent маркалы мұнайдың фьючерстік келісімшарты 1,5 пайызға арзандап, бір баррелі 63,98 АҚШ долларын құрады.

Ал наурыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай 1,3 пайызға төмендеп, баррелі 59,57 АҚШ долларына түсті.

Таңертең Ұлттық банк АҚШ долларының ресми бағамын 507,05 теңге, еуроны 594,82 теңге, ал рубльді 6,51 теңге деңгейінде белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: