8 қаңтардағы саудада доллар бағамы қайта төмендеді
Фото: Zakon.kz
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 508,91 теңгені құрап, 3,19 теңгеге арзандады.
Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 72,87 теңге болды (–0,82).
Айырбастау пункттерінде долларды сатып алу және сату бағасы 512,4–515,6 теңге аралығында, еуро – 594,2–600,7 теңге, рубль – 6,19–6,36 теңге деңгейінде қалыптасты.
8 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы да өсті.
Атап айтқанда, Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,29 долларға қымбаттап, 60,25 долларды құрады.
Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы 0,26 АҚШ долларына өсіп, баррелі 59,25 долларға жетті.
Таңертең Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 512,83 теңге, еуроны – 600,58 теңге, рубльді – 6,36 теңге деңгейінде белгіледі.