6 қаңтардағы саудада доллар тағы да қымбаттады

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2026 15:57 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 6 қаңтарда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 512,83 теңгені құрады. Осылайша, доллар тағы 1,46 теңгеге қымбаттады.

Ресейдегі мереке күндеріне байланысты ресей рублімен сауда жүргізілген жоқ.

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 73,70 теңге болды (+0,53).

Айырбастау пункттерінде долларды сатып алу/сату бағамы – 513,7–517,9 теңге, еуро – 599,7–606,4 теңге, рубль – 6,19–6,37 теңге аралығында.

Өз кезегінде, 6 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 0,17 долларға арзандап, 61,59 долларды құрады.

Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнай 0,21 долларға арзандап, баррелі 58,11 долларға дейін төмендеді.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 511,26 теңге, еуроны – 597,61 теңге, рубльді – 6,32 теңге деп белгілеген болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: