13 қаңтардағы саудада доллар тағы қымбаттады

Доллары и тенге, деньги, обмен валют, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2025 15:27 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 13 қаңтарда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,64 теңгеге көтеріліп, 528,52 теңге болды.

Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 71,77 теңгеге (+0,16) дейін көтерілді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 528,9-531,9 теңге, еуро 539,5-545 теңге, рубль 5,05-5,17 теңге аралығында сатылуда.

13 қаңтардағы сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде. Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 80 доллардан асып, 4 айдан астам уақыттың ең жоғарғы шегіне жетті.

Осылайша, Brent маркалы мұнай фьючерстері максимум 81,49 долларға жеткеннен кейін 1,43%-ға өсіп, барреліне 80,90 долларды құрады. Бұл 27 тамыздан бергі ең жоғары көрсеткіш.

АҚШ-тың WTI маркалы мұнайы 8 қазаннан бергі ең жоғары деңгейге — 78,39 долларға жеткеннен кейін барреліне 1,57%-ға өсіп, 77,77 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 526,81 теңге, еуроны 542,72 теңге, рубльді 5,16 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: