8 сәуірдегі саудада доллар аздап төмендеді

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,55 теңгеге төмендеп, 518,57 теңге болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,06 теңгеге (+0,03) дейін көтерілді.
Таңғы саудада юаньнің орташа сараланған бағамы 70,89 теңге (+0,19) болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 514,8-518,1 теңге, еуро 561,9-570 теңге, рубль 5,9-6,04 теңге аралығында сатылуда.
8 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,20%-ға арзандап, барреліне $64,08 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,13%-ға арзандап, барреліне 60,62 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 518,31 теңге, еуроны 567,96 теңге, рубльді 6,03 теңге деп белгіледі.