9 қарашадағы сауда-саттықта доллар бағамы 448,98 теңгеге дейін өсті
Фото: freepik
Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 1,76 теңгеге өсіп, 448,98 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 5,46 теңге деңгейінде қалды. Қытай юані 0,18 теңгеге қымбаттап, 67,35 теңгеге жетті.
Айырбастау пункттері долларды 449 теңгеден сатып алып, 451 теңгеден сатып жатыр. Еуроны сатып алу бағамы – 500 теңге, сату бағамы – 505 теңге. Рубльді 5,19 теңгеден сатып алып, 5,30 теңгеден сатуда.
9 қарашада әлемдік биржаларда мұнай арзандады. Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,65 долларға немесе 1,7%-ға төмендеп, барреліне 96,67 долларды құрады. Ал америкалық WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1%-ға төмендеп, барреліне 89,87 долларға түсті.
Таңертең Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша бір доллар – 447,14 теңге, бір еуро – 499,54 теңге, бір рубль – 5,46 теңге.
9 қарашада түске дейін Қазақстандағы айырбастау пункттерінде шетел валютасы қандай бағаммен сатып алынып, сатылғанын мына жерден көруге болады.