26 қарашадағы саудада доллар сәл қымбаттады

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2025 15:52 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 26 қарашада 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 518,68 теңгені құрап, 0,25 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 6,59 теңгеге дейін төмендеді (-0,01).

Қытай юанінің таңертеңгі саудадағы бағамы 73,24 теңге болды (+0,08).

Валюталық айырбастау пункттерінде долларды 518,4–520,1 теңгеге сатып алып/сатуда.

Еуро – 598,4–602,9 теңге, рубль – 6,47–6,58 теңге аралығында саудалануда.

26 қарашадағы әлемдік биржаларда мұнай бағасы өсіп жатыр.

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,23 доллар қымбаттап, 62,71 доллар болды.

Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) алаңында Light маркалы мұнай 0,19 доллар қымбаттап, баррелі 58,14 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 518,4 теңге, еуроны – 598,13 теңге, рубльді – 6,55 теңге деңгейінде бекітті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: